Accessibility links

АҚШ тұлғалары мен жұлдыздары Челси Клинтонның тойына қатысады


Американың жетекші саясаткерлері мен белгілі жұлдыздары бұрынғы президент Билл Клинтон мен қазіргі мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонның қызы Челсидің тойына қатысады.

Челси Клинтон өзінің ұзақ уақыт жүрген жігіті, инвестициялық банк қызметкері Марк Мезвинскийге тұрмысқа шығады. Олардың тойы Нью-Йорк штатының Райнбек қаласында өтеді.

Екі жастың неке қию тойына Билл Клинтон әкімшілігі кезінде мемлекеттік хатшы болған Мадлен Олбрайт, Голливуд жұлдыздары Стивен Спилберг, АҚШ-тың тележұлдызы Опра Уинфри қатысады деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG