Accessibility links

Нидерланды күштерінің Ауғанстандағы миссиясы аяқталды


Бүгін Нидерланды Ауғанстанда 4 жыл нәтижелі қызмет атқарған әскерін ресми түрде қайтарады.

Нидерландының әскери жетекшісі, генерал Петер Ван Ум кейінірек 1,950 жасақ тартылған Ауғанстандағы миссия жетістіктермен аяқталады дей келе, голландиялық күштер елдің оңтүстігіндегі Урузган провинциясы тұрғындарының сауда, білім алу, денсаулық сақтау салаларындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айтарлықтай жетістікке жетті деп атап өтті.

Ауғанстанға орналасқан Нидерланды күштері 4 жылдың ішінде 24 әскерін жоғалтты. Жексенбіден бастап, нидерланды әскерінің орнына АҚШ пен Австарлия жасақтары келеді.

Өткен аптада талибан өкілі Нидерландының Ауғанстаннан күштерін әкету жоспарын қоштап, басқа да елдерді осылай жасауға шақырған. НАТО Нидерландыдан Ауғанстанда тағы бір жыл қалуды сұрағанымен, ол өтініш голландиялық саясаткерлер арасында текетірес тудырып, ел үкіметінің тарауына әкелді.
XS
SM
MD
LG