Accessibility links

Ауғанстанда бомба жарылысынан 6 бейбіт тұрғын қаза тапты


Бүгін Ауғанстанның оңтүстігінде жол бойына қойылған бомба жарылысынан алты бейбіт тұрғын қаза болып, тоғызы жараланды.

Қандағар провинциясы басшысының өкілі қаза тапқандар екі әйел, екі ер адам және екі бала екенін айтты. Алты адам Майванд ауданындағы жарылыстан жараланып, аймақтық ауруханаға жеткізілген.

Қандағар провинциясының тағы бір Арғандаб ауданындағы жолға қойылған бомбаға үш бала түсіп, жарақат алған.
XS
SM
MD
LG