Accessibility links

Газа секторында жарылыс болды


Бүгін түнде Газа секторында радикалды ХАМАС тобының әскери басшыларының бірі - Ала аль-Данафаның үйінде күшті жарылыс болды.

Ақпараттарға қарағанда, кем дегенде 24 адам түрлі жарақат алған. Қаза болғандар туралы әлі ешқандай ақпарат жоқ.

ХАМАС қауіпсіздік қызметі өкілдерінің мәлімдеуінше, аль-Данафаның үйін израильдік ұшақтан атылған зымыран жарған. Дегенмен, израильдік әскери басшылық, өткен түнде бірде-бір әскери ұшақ аспанға көтерілмегендігін айтып отыр.

XS
SM
MD
LG