Accessibility links

Алматы абақтысында тәнін тілгендер саны екеу емес, алтау болып шықты


Алматыдағы ЛА-155/1 тергеу абақтысында жағдай тұрақтанды.

Бұл туралы дүйсенбі күні, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Ирина Якубова журналистерге мәлімдеді.

Бұдан бұрын екі адамның өз тәнін тілгені хабарланған еді. Алайда олардың саны алтау болып шықты.

- Оларға тиісті медициналық көмектер көрсетілді, қазір олардың денсаулықтары қанағаттанарлықтай, - деді Якубова.

30 шілде күні Алматыдағы № 1 тергеу абақтысында бір топ сотталғандар түрме басшылығына қарсы наразылық шарасын ұйымдастырған еді.
XS
SM
MD
LG