Accessibility links

АҚШ өкілі Сеулде Пхеньянға қарсы санкцияларды талқылайды


АҚШ жоғары лауазым өкілі бүгін Оңтүстік Корея басшыларымен кездесіп, Пхеньянға қарсы жаңа санкцияларды талқылайды.

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Эйнхорн Сеулге барды. Осыдан екі апта бұрын АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Солтүстік Кореяға қарсы қаржы санкциялары енгізілуі мүмкін екендігін мәлімдеген болатын.

Бұндай шешім қабылданар бұрын халықаралық комиссия оңтүстік кореялық «Чхонан» корветінің суға батуына Пхеньянның қатысы бар деген тұжырым жасаған еді.
XS
SM
MD
LG