Accessibility links

Тәжікстанда медресе басшысы мен студенттер ұсталды


Тәжікстан полициясы елдің оңтүстігінде орналасқан медресе басшысы мен көптеген студенттерді қамауға алды. Бұл туралы Азат Еуропа/Азаттық радиосы тәжік қызметі хабарлады.

Тәжікстан билік өкілінің мәлімдеуінше, Рудаки ауданындағы медресені жабу операциясы өткен демалыс күндері жүргізілді. Полиция медресе басшысын студенттерді рұқсатсыз оқытты деп айыптап отыр.

Жергілікті сарапшылардың пікірінше, билік елдегі діни мектептердің барлығын бақылауда ұстағысы келеді.
XS
SM
MD
LG