Accessibility links

Рамзан Қадыров: Доку Умаровты іздестіру жалғасады


Шешенстан президенті Рамзан Қадыров бүлікшілер көсемі Доку Умаровтың қолбасшылықтан бас тартуына қарамастан, оны іздестіру жұмыстары жалғаса береді деп мәлімдеді.

Жексенбі күні «Кавказ-центр» сайты Доку Умаров қолбасшылықтан өз еркімен бас тартты деп хабарлады. Умаров өзінің орнына Асламбек Вадаловты тағайындады. Вадалов – шешен соғысының екеуіне де қатысқан, танымал қолбасшы Хаттаб бөлімінің құрамында болған деп хабарланды.

Өзін «Кавказ әмірлігінің әмірі» етіп жариялаған Умаров Ресейдегі бірқатар ірі терактілерді өз жауапкершілігіне алды. АҚШ Умаровты халықаралық терроршылар тізіміне енгізді.
XS
SM
MD
LG