Accessibility links

Қазақстанда барлық БАҚ бақылауға алынады


Қазақстан байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев "Қазақстан Республикасы заңдылықтарын сақтау үшін БАҚ өнімдеріне арналған мониторинг әдістемесін мақұлдау туралы" бұйрыққа қол қойды деп хабарлайды "Әділ сөз" қоры.

21 шілде күні қол қойылған бұл жарлық Қазақстан территориясындағы барлық БАҚ-тарға, сондай-ақ интернетке де қатысты.

"Қандай да бір іске қатысты шешім шықпас бұрын, оның нәтижесін алдын ала анықтау немесе сот шешімі күшіне енбестен сотқа ықпал етуі", "Тілдер туралы", "Жарнама туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы" және тағы басқа заңдардың сақталуы мониторинг аясына кіреді.

Бақылауды жергілікті атқару органы жүзеге асырады. .
XS
SM
MD
LG