Accessibility links

Пәкістан президенті Лондонда Кэмерон мәлімдемесін талқылайды


Пәкістан президенті Азиф Әли Зардари Франциядағы екі күндік сапарынан соң, бүгін Ұлыбританияға барып, осы елдің премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездеседі.

Пәкістан президентінің өкілі Фархатула Бабардың хабарлауынша, Азиф Әли Зардари Лондонда Кэмеронның Исламабад террорлық ұйымдармен қатысады деген сыни мәлімдемесін талқылайды. Британ басшысы өткен аптада Үндістанға сапары барысында Пәкістанға терроризмді экспорттауға жол берілмеуі керек деп мәлімдеген-ді. АҚШ-тың интернетте жарияланып кеткен құпия құжаттарында Пәкістан мен террорлық ұйымдардың қарым-қатынасы туралы баяндалған.

Бірқатар пәкістандықтар Азиф Әли Зардариден Лондонға бармауын талап етті.
XS
SM
MD
LG