Accessibility links

Карачидегі қақтығыстардан 40-қа жуық адам қаза тапты


Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында дүйсенбі күні аймақ депутатының өлтірілуіне байланысты туындаған қақтығыстардан кем дегенде 37 адам қаза тапты, 80-ге жуық адам жараланды.

Қалада ондаған дүкендер мен автокөліктер өртелді. Тәртіп орнату үшін үкімет әскері кіргізілді, бірақ аймақта атыстар таңертең де естіліп жатты. Карачи мен оған жақын басқа да қалаларда мектептер жабылды.

БАҚ Карачидегі қақтығыстарды ұлтаралық, діни араздықдан туындаған деп сипаттады.

Депутат Раза Хайдер мешітте өлтірілген. Ол Муттахида Куами қозғалысы саяси партиясының мүшесі болды. Бұл партия 1947 жылы британдық Үндістанның бөлінуінен кейін Пәкістанға көшіп келушілердің басын біріктіреді. Партияның басты бәсекелесі – Халықтық ұлттық партия негізінен этникалық пуштундардың мүддесін қорғайды.
XS
SM
MD
LG