Accessibility links

Альберто Контадор "Saxo Bank" клубымен келісімге отырды


«Тур де Франс» велокөпкүндігінің үш дүркін жеңімпазы Альберто Контадор даниялық «Saxo Bank» клубымен келісім шартқа отырды. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі клуб басшысы Бьярне Рийске сілтеме жасап хабарлады.

Сейсенбі күні Копенгагенде баспасөз мәслихатын өткізген Рийс әйгілі велоспортшының келесі жылдан бастап «Saxo Bank» жейдесімен жарысқа түсетіндігін "үлкен құрмет" деп бағалады.

Соңғы үш жыл бойы «Астана» сапында ірі турнирлердің, соның ішінде екі мәрте "Тур де Франс" жеңімпазы атанған Альберто Контадор өткен аптада қазақ клубынан кететіндігін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG