Accessibility links

Баткендегі қақтығыстардан екі адам жараланды


Қырғызстан оңтүстігіндегі Баткен облысында дүйсенбі күні болған қақтығыстардан екі адам жараланып ауруханаға түсті.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы қырғыз қызметінің хабарлауынша, Масалиев ауылындағы кафеде этникалық қырғыз, өзбек және тәжік жастары, барлығы ондаған адам төбелесіп қалды. Жергілікті полиция ауылда тәртіп орнату үшін аспанға оқ атуға мәжбүр болды. Құқық қорғау күштері тоғыз адамды қамауға алды.

Өзбекстанмен шекаралас Баткен облысында этникалық өзбектер мен тәжіктер көп тұрады.
XS
SM
MD
LG