Accessibility links

Ұлтаралық қақтығыстарда жоғалған бала Жалал-Абадта табылды


Қырғызстан оңтүстігінде маусым айындағы ұлтаралық қақтығыстарда жоғалып кеткен бала бүгін ғана табылды. Бұл туралы Азат Еуропа/Азаттық радиосы қырғыз қызметі хабарлады.

Сегіз жасар Кудайберген Аттокуров маусымның 10-ы күні мыңдаған тұрғындар ұлтаралық қақтығыстар барысында Ош қаласынан Жалал-Абадқа қашқан кезде ата-анасынан адасып қалды. Осы уақытқа дейін Аттокуров Жалал-Абадтағы қараусыз қалған үйлерді паналап келді. Жергілікті полицияның хабарлауынша, балаға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Аттокуров Ош қаласындағы ата-анасына тапсырылды.

Қырғызстан оңтүстігінде маусым айындағы ұлтаралық қақтығыстардан кем дегенде 356 адам қаза тапты. Қырғыз президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 адам із-түссіз жоғалып кетті. Өлген 14 адамның аты-жөндері анықталмады.

AzattyqTV

AzatNews 14.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:40 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG