Accessibility links

«Елбасы» мәртебесіне қарсы журналист он күнге қамалады


Алматы әкімшілік соты бүгін «Голос Республики» газетінің тілшісі Жанна Байтелованы «кішігірім бұзақылық» айыбымен он күнге қамауға алу туралы шешім шығарды.

Тамыздың 2-і күні Байтелова Алматы қалалық сотының ғимаратына малдың тезегін лақтыру арқылы сот жүйесіне наразылық білдірді.
Бұған дейін Жетісу аудандық соты Байтелованың Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «елбасы» мәртебесін берген заңға қарсы түсірген арыз-шағымын қараудан бас тартқан еді.

Арызданушы соттан құжатты заңсыз деп тануын, осындай заң қабылдаған парламент палаталарының төрағаларын, премьер-министрді жауапқа тартуын сұраған еді.

Президент үстелінде бір ай жатқан аталған заң жобасы Назарбаев қол қоймаса да маусымның 15-і күні ресми жарияланған күннен бастап күшіне енді.
XS
SM
MD
LG