Accessibility links

Қазақстан және Ресей президенттері телефонмен сөйлесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Дмитрий Медведев сәрсенбі күні телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі Кремль баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Назарбаев ресейлік әріптесіне орман алқабтарындағы өртке байланысты алаңдаушылығын жеткізді, Медведев қазақстандық көмек үшін рақмет айтты.

Назарбаев пен Медведев мемлекетаралық қарым-қатынас, халықаралық істерге қатысты өзекті мәселелерді талқылады, Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымының тамызда Ереванда өтетін бейресми саммитіне дайындық туралы сөз етті.
XS
SM
MD
LG