Accessibility links

Бішкекте оппозициялық партия жақтастары құрылтайға жиналды


«Мекен Туу» оппозициялық партиясының шамамен екі мыңға жуық жақтастары бүгін Қырғызстан астанасындағы ескі алаңға жиналды. Олар партия басшысы Урмат Барктабасовқа құрылтайда сөз сөйлеуге жол беруін талап етті. Азат Еуропа/Азаттық радиосы қырғыз қызметінің хабарлауынша, полиция алаңды айнала қоршап алды.

Хабарларға қарағанда, Балыкчы қаласынан Бішкектегі құрылтайға бара жатқан 75 автокөлік жолда тоқтатылды. Сот Урмат Барктабасовты тұтқындауға рұқсат берді.
XS
SM
MD
LG