Accessibility links

Кабул: НАТО шабуылдарынан 39 бейбіт тұрғын қаза тапты


Ауғанстан үкіметі өткен айда НАТО күштерінің шабуылы барысында 39 бейбіт тұрғын қаза тапты, олардың көбі әйелдер мен балалар деп хабарлады.

Солтүстік альянс өкілдері бұған қатысты тергеу жүргізіп жатқандығын алға тартып, ауған президенті Хамид Карзай әкімшілігі дайындаған есепке қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

Кабул осыдан екі апта бұрын Гильменд провинциясындағы шабуылдан 50 бейбіт тұрғын қаза тапты деп мәлімдеген еді. НАТО сол зымыран соққысынан алты тұрғын опат болды, қалғандары бүлікшілер болатын деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG