Accessibility links

Қырғызстанда опоззиция өкілі Урмат Барктабасов ұсталды


Қырғызстанның тәртіп сақшылары бүгін оппозициялық саясаткер Урмат Барктабасовты, онымен бірге тағы алты адамды ұстады. Бұл туралы Азат Еуропа/Азаттық радиосының қырғыз қызметі хабарлады.

«Мекен Туу» саяси партиясының төрағасын ұстау операциясына қырғыз ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері мен Чуй облыстық полиция өкілдері қатысты.

Бұған дейін Барктабасовты жақтаушы мыңдаған адам Бішкек орталығына жиналып, саясаткерді парламент сайлауына қатыстыруын биліктен талап еткен болатын.

Қырғызстан ішкі істер министрлігі билікті қарулы күшпен басып алуға талпыныс жасалды деп хабарлады. Сот Барктабасовты ұстауға рұқсат берді.
XS
SM
MD
LG