Accessibility links

Бүгін Польша президентінің инаугурациясы өтеді


Польшаның жаңадан сайланған Президенті Бронислав Коморовский бүгін, жұма күні ант қабылдап, мемлекет басшысы міндетіне ресми кіріседі.

Салтанатты рәсім Мәскеу уақыт бойынша сағат 12.00-де Польша Сеймінің мәжілістер залында өтеді.

Тамыздың 3-інде Польшаның Жоғарғы соты мерзімінен бұрын өткен президенттік сайлаудың заңдылығын таныды. Сот сондай-ақ сайлауға қатысты 16 арыз-шағымды негізді деп тапты, дегенмен, судьялардың пікірінше, ол кемшіліктер дауыс берудің қорытындысына анау айтқандай әсерін тигізе алмайды, өйткені екі үміткердің арасындағы айырмашылық 1 миллионнан астам дауысты құраған.
XS
SM
MD
LG