Accessibility links

Обаманың экономика жөніндегі кеңесшісі қызметінен кетеді

Ақ үйдің экономика мәселелері жөніндегі кеңесшісі Кристиан Ромер өз қызметін ұстаздыққа айырбастамақ.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, Ромер қыркүйектің үшінде қызметінен кетеді.

Бұл - Барак Обама командасындағы экономика мәселесімен айналысатын екінші адамның қызметтен кету оқиғасы. Маусым айының аяғында Ақ үйдің бюджетті басқару басшысы қызметінен кеткен еді.

Ромер енді Берклидегі Калифорния университетінде дәріс бермек.
​
XS
SM
MD
LG