Accessibility links

Кашмирдегі су тасқынынан 60-қа жуық адам қаза тапты


Үндістандық Кашмир билігінің хабарлауынша, аймақта кеше түнде жауған нөсер жаңбырдың соңы су тасқынына ұласып, соның салдарынан кем дегенде 58 адам қаза тапты.

Құтқару жұмыстарына әскер қатарындағы сарбаздар жұмылдырылды. Билік ондаған адамның іс-түзсіз жоғалып кеткендігін, зардап шегушілер саны әлдақайда көп екендігін хабарлады.

Табиғат апатынан Кашмир және Жамму штаттарын алып жатқан таулы Ладах аймағындағы Лех қаласы қатты зардап шекті. Ладах аймағының бір бөлігі Қытай және Пәкістанмен шектесіп жатыр. Пәкістандағы су тасқынынан 1 600-ден астам адам қаза тапты, 3 жарым миллион адам зардап шегіп отыр.
XS
SM
MD
LG