Accessibility links

Мексика шығанағындағы мұнай ұңғымасын цементтеп тастады


«Бритиш Петролиум» Мексика шығанағындағы құтқарушылар АҚШ тарихында ең ірі экологиялық апатқа айналған мұнай ұңғымасын цементтеп тастады деп хабарлады.

Істен шыққан ұңғыманы цементтеу жұмыстары бейсенбі күні, яғни мұнай сыртқа төгіле бастағаннан 15 аптадан кейін аяқталды. АҚШ билігінің хабарлауынша, осы уақыт аралығында шамамен бес миллион баррель мұнай сыртқа төгілді.

Мексика шығанағындағы мұнай ұңғымасы сәуірдің 20-сы күні жарылып, өндіріс нысанында 11 жұмысшы қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG