Қырғызстанда оппозициялық саясаткер Урмат Барктабасовқа қарсы үш қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Азат Еуропа/Азаттық радиосы қырғыз қызметі хабарлады.
Оппозициялық «Мекен Туу» партиясының басшысына жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, заңсыз қару ұстады, мемлекеттік билікті басып алуға талпыныс жасады деген айыптар тағылып отыр. Қазір ол Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу абақтысында отыр.
Қырғыз тәртіп сақшылары Барктабасовты, онымен бірге тағы 27 адамды бейсенбі күні Сынташ ауылында ұстаған болатын. Бұл күні Барктабасовтың жақтастары Бішкекте наразылық акциясына жиналып, биліктен саясаткерді парламент сайлауына қатысуға мүмкіндік беруін талап етті.