Accessibility links

Тәжік соты «Жамағат ат-Таблиғ» өкілдерінің жазасын өзгертпеді


Тәжікстанның Жоғарғы соты рұқсаты жоқ «Жамағат ат-Таблиғ» ұйымының түрмедегі 18 мүшесіне шығарылған жаза мерзімін қысқарту туралы апелляциялық шағымды қабылдамай тастады. Бұл туралы Азат Еуропа/Азаттық радиосы тәжік қызметі хабарлады.

Хатлон облыстық соты мамыр айында осы ұйымға қатысы бар деген айыппен 36 адамды үш жылдан алты жарым жылға дейінгі жаза мерзімдерімен соттаған еді.

Тәжікстанда өткен жылы дәл осындай айыппен 56 адам сотталды. Билік «Жамағат ат-Таблиғ» ұйымына 2006 жылы тыйым салған болатын.
XS
SM
MD
LG