Accessibility links

Ресейде өртпен күрес жалғасуда


Ресейде 50-ден аса адамның өмірін әкеткен алапат өртпен күрес әлі жалғасып жатыр. Қалың ормандарда бірнеше күнге жалғасқан өрттің қою түтіні Мәскеу көгін тұмандандырып, адамдардың денсаулығына қауіп төндіріп тұр.

АҚШ, Германия және Франция өз азаматтарын Мәскеу мен басқа да өрт шыққан өңірге сапарларын кейінге қалдыруға шақырды. Өрттің салдары жол қатынасын да қиындатып отыр. Бірнеше әуеұшақтары қалың тұманнан Мәскеу әуежайларына қона алмай қалды.

Денсаулық сақтау саласының мамандары тұрғындарды далаға шыққанда бетперде киіп шығуға шақырып отыр. Көміртегі тотығынан тұншыққан жүздеген адам дәрігерге жүгінген.

Өрт сөндірушілер жүздеген өрт ошақтарымен күресіп, тілсіз жаумен күресуге адам жетпей жатқаны айтылды. Бұл Ресей тарихында соңғы 100 жылдай болмаған жойқын өрт болды.
XS
SM
MD
LG