Accessibility links

Мұрны-құлағы кесілген ауған әйел АҚШ-та бетіне операция жасатады


Күйеуінің қорлауынан қашып құтылмақшы болды деген айыппен Талибанның жазалауын көрген ауғандық әйел бетін жөндету үшін Калифорнияға жетті. Ол өзінің мұрны мен құлақтарын талибан өкілдері кесіп тастағанын айтты.

18 жастағы Биби Айшаның ұсқынсыздалған түрі осы айда "Time" журналына шыққаннан бері көпшіліктің назарына іліккен.

Лос-Анжелестегі доктор Гросмен Бөрн қоры Айшаны АҚШ-қа алдыртып, оның бетіне хирургиялық операция жасатуды қолға алған. Ресмилер ауғандық әйелдің операциясын орталық өзі көтеретінін айтқан.
XS
SM
MD
LG