Accessibility links

Қытай: Лай көшкінінен кемінде 80 адам қаза болды


Қытайдың мемлекеттік ақпарат агенттіктері елдің солтүстік-батысында қатты жауған нөсерден болған лай көшкінінен кемінде 80 адам қаза тапты деп хабарлады. Цинхуа агенттігінің жазуынша, негізінен этникалық тибеттер мекендейтін бұл аймақта лай көшкінінен Гансу провинциясы қатты жапа шекті.

Қытай премьер-министрі Вен Жиабао жексенбі күні бұл өңірге сапармен барды. Хабарларға қарағанда, табиғат апатынан қаза болған 80 адамға қоса тағы 2 мың адам хабарсыз кеткен.

Осының алдында Қытайда болған су тасқынынан 1,100 адам қаза тауып, жүздеген кісі із-түзсіз жоғалып кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG