Accessibility links

Медведев аяқ астынан Абхазияға барды


Ресей президенті Дмитрий Медведев жексенбі күні күтпеген жерден Абхазияға сапарлады. Оның жікшіл аймаққа сапары Мәскеу мен Тбилиси арасындағы тамыз қақтығысына екі жыл толғанда болып отыр.

Медведев Абхазия жетекшілерімен келіссөздер өткізіп, Сухуми қаласындағы теңіз жағалауына барған. Интерфакс агенттігіні жазуынша, Ресей президенті Абхазиямен саяси, экономикалық әрі қауіпсіздік байланыстарын жан-жақты дамытуға сөз берген.

Медведевтің бұл сапары Абхазияны өз аймағы деп санайтын Грузия үкіметінің шамына тиюі мүмкін. 2008 жылдың тамызында Грузияның мәскеушіл жікшіл аймақтарымен қақтығысынан кейін Ресей күштері Грузияға басып кірген болатын.

Көп ұзамай Мәскеу Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздіктерін мойындады.
XS
SM
MD
LG