Метро құрылысының Алмалы стансасындағы ондаған жұмысшы үш күннен бері жұмысқа шығудан бас тартып, наразылық білдіруде. Олардың сөзінше, қосалқы мердігер «Юранус Сиэн Ай» компаниясы үш айдан бері жалақысын бермей отыр. Жұмысшылар өз кезегінде еңбекақыларын алмайынша жұмысқа шықпаймыз дейді.
Дегенмен «Юранус Сиэн Ай» компаниясының директоры Квон Кен Гын, өздерінде ақшаның таусылғандығын және жұмысшылар жалақысын тек қыркүйекте бере алатындығын айтады.
Бас мердігер «Алматыметроқұрылыс» АҚ техникалық директоры Тахир Календаровтың Азаттық тілшісіне хабарлауынша, «Юранус Сиэн Ай» компаниясы қазір қарызға батып отыр.
— Бұл жылдағы «Юранус Сиэн Ай» компаниясымен жасалған келісімшарт алты жүз миллион теңгеге тең. Ал біз оларға аванс ретінде бұл соманың жүз жиырма миллионын беріп қойдық. Бүгінгі таңда компания шамамен 23-24 миллионға тең жұмысты ғана атқарды. Сонымен қоса, бізден бетон алатындығын есепке алғанда, компания бізге 114 миллион теңге қарыз, - дейді Тахир Календаров.