Accessibility links

Ауғанстанда терроризмге қатысы бар деген тәжік азаматтары ұсталды


Тәжікстанның сырты істер министрлігі Ауғанстанда терроризм айыбымен ұсталған Тәжікстан азаматтарына қатысты істі тергеуге кірісті, деп хабарлайды Азат Еуропа/Азаттық радиосының тәжік қызметі.

Ауғанстанның солтүстігінде Тәжікстанмен шекаралас орналасқан Кундуз порвинциясының қауіпсіздік қызметі өкілі Абдурахон Хактош, тамыздың 7 күні, провинцияда төрт адам - үшеуі Тәжікстан азаматы және олардың жүргізушісі болып жүрген бір ауғандық азаматтың ұсталғандығын мәлімдеді. Олардан лаптоп пен жалған паспорт табылған.

Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Давлат Назриев, республиканың Кундуздағы консулдығы ұсталғандардың аты-жөнін тексеріп жатқандығын хабарлады.
XS
SM
MD
LG