Accessibility links

Гуантанамоның ең жас тұтқыны сотта жауап береді


Сейсенбі күні Гуантанамо түрмесінде отырған ең жас тұтқын американ сотында жауап береді. Канада азаматы Омар Хадр тұтқынға алынған кезде небәрі 15 жаста болған.

Ол осыдан сегіз жыл бұрын Ауғанстанда болған қарулы қақтығыста ұсталған.

Хадрдың айтуынша, түрмеде оны ұрып-соғып, американдық сержанттың өлімін мойнына алуды мәжбүрлеген.

Бұл президент Обаманың жанындағы Гуантанамо тұтқындарына қатысты болайын деп отырған алғашқы сот. Обама қызметіне кіріскенде дәл осы Гуантанамо түрмесін жабуға уәде берген еді.
XS
SM
MD
LG