Accessibility links

БҰҰ: Пәкістандағы апат зардабын реттеуге көмек қажет


БҰҰ Пәкістанның су тасқынынан зардап шеккен 13,8 миллион адамына көмектесуге шақырған үндеу жолдады.

Ұйымның қайырымдылық істер жөніндегі кеңсесі хабарлағандай, табиғат апатының салдары 2004 жылы Үнді мұхитында орын алған цунамиден де асып кетті. Сонымен қатар 2005 жылғы Пәкістандағы зілзала мен 2010 жылы қаңтарда Гаитиде болған жерсілкіністерін қоса есептегеннің өзінде су тасқыны апатының шығыны артып отыр.

Пәкістанның оңтүстігіндегі 1,5 миллион халық басқа жерге көшіріліп, орталық Пенджаб провинциясындағы 1,5 миллион гектар егіс алқаптарын су шайып кетті.
XS
SM
MD
LG