Accessibility links

АҚШ Иранды өлім жазасын тоқтатуға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Құрама Штаттар Иранда жазалау үкімдерін күтіп отырған адам құқын қорғаушылар мен басқа да адамдарға қатысты алаңдаушылығын білдірді.

Хиллари Клинтон мұнда Иранда “гомосексуал” деген айыппен өлім жазасын алған 18 жастағы Ебрахим Хамиди мен еріне опасыздық жасады деген айыппен таспен атып өлтіру үкімін күтіп отырған Сакинех Мохамммади Аштиани туралы айтып отыр.

Мемлекеттік хатшы сондай-ақ, 2009 жылғы президенттік сайлаудан кейін өз пікірлерін еркін білдіргені үшін түрмеге жабылғандардың тағдырына да алаңдаушылық танытты.
XS
SM
MD
LG