Accessibility links

Қытайда лай көшкінінен қаза тапқандар 700-ге жетті


Қытайдағы лай көшікінінен құрбан болған саны 700-ге жетіп, із-түзсіз жоғалған мыңнан аса адамды табу жөніндегі үміттер өше бастады.

Гансу провинциясын жайпап өткен табиғат апатынын аман қалғандарды іздеуге 10 мыңнан аса әскер мен құтқарушылар тартылған. Бірақ апат орын алған 72 сағаттан кейін жоғалғандарды табу үміті азайды. Билік көмек көрсету шараларына басты назарды аударып отыр.

Жүздеген дәрігер лай көшкінінен зардап шеккен аймаққа жөнелтіліп, түрлі дерттің тарауына жол бермеу мәселесі қолға алынды. Ауа-райын болжаушылар бұл аймақта алдағы біраз күндер нөсер болуы мүмкін деп айтты.
XS
SM
MD
LG