Accessibility links

Медведев Дағыстан ІІМ басшысын қызметінен босатты


Ресей президенті Дмитрий Медведев Дағыстан ішкі істер министрі генерал Али Магомедовты қызметінен босатты. Таратылған ақпаратқа қарағанда, Али Магомедовтың орнына полковник Абдурашид Магомедов тағайындалып отыр.

Ресейдің «РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, Дағыстан басшысы Магомедсалам Магомедов, Ресейден елге қосымша күштердің жіберуін сұраған. Ақпаратқа қарағанда, жыл басынан бері елде экстремисстер қолынан 300-ден аса адам мерт болып, құқыққорғау қызметкерлерінің арасындағы өлім екі есеге көбейген.
XS
SM
MD
LG