Accessibility links

Бейбіт ауғандардың өліміне қатысты наразылық шарасы өтті


Бүгін Ауғанстанның орталығындағы үлкен жолды 300-дей ауыл тұрғыны жауып тастап, шетелдік күштер үш бейбіт адамды өлтірген дегенге наразылық ретінде “Америка Құрама Штаттарына өлім” деп айқайлады.

НАТО күштері ол айтылғандарды жоққа шығарып, өткен түндегі шабуылда бірнеше бүлікші өлтіріліп, жергілікті талибан қолбасшысы қамауға алынды деп айтып отыр.

Бұл даулы рейдтер талибандар үстемдік құрған Вардак провинциясындағы Саед Абад ауданында болды.
XS
SM
MD
LG