Accessibility links

Обама мұсылмандарды Рамазан айымен құттықтады


АҚШ президенті Барак Обама Құрама Штаттар мен әлемдегі мұсылмандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Ақ үй таратқан мәлімдемеде, Обама Рамазан айының рәсімдері бәріміз ұстанатын ортақ негіздер болып табылады деген.

Ислам әділетті алға тартып, алғабасушылық, төзімділік және бүкіл адамзатты жоғары қояды деген Обама өз құттықтауында. АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон да мұсылмандарды Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Тамыздың 11і-нен бастап әлемдегі мұсылмандар бес парыздарының бірі ораза тұтуды бастады.
XS
SM
MD
LG