Accessibility links

Ақмола облысы: колонияда бүлік шығарғандардың екеуі қаза болды


Бүгін таңертең Көкшетау ауруханаларының бірінде ауыр халде жатқан сотталушының бірі қаза болды, деп хабарлайды КазТАГ агенттігі.

"Ақмола облысындағы жалпы режимдегі колониялардың бірінде бүлік шығарған сотталушылардың бірі, өзін өзі өртеп жібермекші болған азамат тамыздың 13-і күні таңертең Көкшетау ауруханаларының біріндегі жансақтау бөлімінде қайтыс болды," дейді Ақмола облысы прокурорының көмекшісі Серік Хайруллин.

Тамыздың 12-сіне қараған түні Ақмола облысының Гранитный кентіндегі жалпы режимдегі колонияда сотталушылар көтерілді. Оларды басу мақсатында 120 ішкі әскер мен облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 60 қызметкері колонияға кіргізілген. Қақтығыс барысында 1 сотталушы қаза болып, 71 сотталушы ауруханаға жеткізілген.
XS
SM
MD
LG