Accessibility links

Ақ үй: Обама мен Карзай талибанға қарсы қысымды күшейтуге келісті


АҚШ президенті Барак Обама мен Ауғанстан президенті Хамид Карзай экстремисті жауынгерлермен күресін жалғастырып, талибандарға қарсы қысымды күшейте түсуге сөз берісті.

Ақ үйден хабарланғандай, Обама мен Карзай жұма күні Вашингтон мен Кабул арасында видео конференция арқылы сөйлескен. Олардың әңгімесінде сондай-ақ, Ауғанстанда болатын алдағы парламенттік сайлаулар мен коррупцияға қарсы күрес, бейбіт тұрғындар шығыны, Ауғанстанның аймақтық көршілерімен байланысы талқыланған.

Екі ел арасындағы видео конференцияға Кабулдағы АҚШ елшісі Карл Эйкенбери мен Ауғанстандағы АҚШ әскерінің қолбасшысы генерал Дэвид Петреус қатысты.
XS
SM
MD
LG