Accessibility links

WikiLeaks: Ауған соғысына қатысты тағы 15,000 құжат жарық көреді


Қоғамға жарияланбаған мәліметтерді шығарып отыратын WikiLeaks сайтының иесі Джулиан Эссандж алдағы бірер аптада тағы да Ауғанстандағы соғысқа қатысты құпия мәліметтер жарияланатын болады деп мәлімдеді.

Оның бұл хабарламасы жұма күні Пентагон бұл сайтқа құпия деректерді енді жарияламау туралы қысымын күшейткен соң айтылды. АҚШ ресмилері өткенда жарыққа шығып кеткен құпия құжаттар үлкен қауіп-қатер төндіреді деп алаңдайды.

Австралиялық компьютер хакері өзінің вебсайты соғыс туралы қоғамдық талқылауды қолдайды әрі шетелдік күштердің күдікті әрекеттерін көтереді деген.

Осыған дейін WikiLeaks сайтының бұрынғы жұмыстарын қолдап келген журналистер құқын қорғайтын “Шекарасыз репортерлер” ұйымы соңғы шығып кеткен құпия деректер шетелдік күштермен бірге жұмыс жасап жатқан ауғандықтардың өміріне қауіп төндіреді деген алаңдаушылықпен бұл сайтты сынға алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG