Accessibility links

Степногорск түрмесінен қашпақ болған тұтқын қаза тапты


Ақмола облысындағы Степногорск қаласындағы қатаң режимдегі түрмеден үш тұтқын қашпақшы болып, біреуі оққа ұшқан. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне қамау мекемелеріндегі жағдайларды бақылап отыратын қоғамдық комиссияның мүшесі Олжас Сыздықов хабарлаған.
Оның айтуынша, сенбіге қараған түні 166/18 колониясынан үш сотталған қашып шығуға әрекеттенген. Оларды байқап қойған күзетшілердің ескертуінен кейін екі тұтқын қайтып оралған, үшіншісі ескерту оғына қарамастан қаша берген соң, атып өлтірілген.

Қазақстандағы қамау мекемелерінде соңғы кезде жазасын өтеушілердің бүлігі көбейіп барады. Осының алдында Ақмола облысындағы Гранитный кентіндегі түрмеде бүлік шығып, 80-нен аса тұтқын жараланып, екеуі қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG