Accessibility links

Жапонияның Дүниежүзілік соғыста берілгеніне 65 жыл толды


Бүгін Жапонияның либералды премьер-министрі бұрынғы дәстүрді бұзып, Екінші Дүниежүзілік соғыста қаза болғандарды еске алатын орынға бармады.

Оның орнына үкімет басшысы Наото Кан капитуляцияның 65 жылдығын көрші азиялық елдердің соғыстан жапа шеккеніне өкініш білдіруге арнады.

Осыған дейін Жапонияның үкімет жетекшілері көрші елдердің шамына тиетін Токиодағы Ясукуни ғибадатханасына баруды дәстүрге айналдырған. Бірақ премьер-министр Кан бұл күнді атап өткен сөзінде, Жапония көптеген елдерге үлкен шығын әкелді деді.

АҚШ Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастаған бірер күннен кейін Жапония тізе бүккен.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG