Accessibility links

Оңтүстік Корея мен АҚШ жасақтары әскери жаттығулар өткізеді


Америка Құрама Штаттары мен Оңтүстік Кореяның күштері алдағы аптада бірлескен соғыс ойындарын өткізіп, Солтүстік Кореяның агрессиялық билігіне қыр көрсетпекші.

Сеулдегі АҚШ әскерінің өкілі жексенбі күні хабарлағандай, дүйсенбіде басталатын онкүндік жаттығуларға 30 мың американ әскері қатысады. Оңтүстік Кореядан 56 мың сарбаз тартылады.

Сеул мен Вашингтон жоспарлап отырған әскери жаттығулар наурыз айында оңтүстік кореялық кеме су батып кеткен оқиғадан соң болайын деп отыр. Ол үшін Солтүстік Корея айыпталды, бірақ Пхеньян ол айыптарды жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG