Accessibility links

Обама мұнай төгілген Флорида жағалауында суға шомылды


АҚШ президенті Барак Обама мұнай төгіліп, АҚШ тарихындағы ең үлкен экологиялық апатқа айналған Мексика шығанағына жағдайды реттеуге сөз берді. Ол аймақтағы экономиканы көтеру мен қоршаған ортаның ахуалын жақсартуға күш салатынын айтты.

Сенбі күні Обама Флорида жағалауында суға түсіп, шығанақтағы жағажайлар бизнесс үшін ашық, саяхатшылар үшін қауіпсіз деп мәлімдеді.

АҚШ президенті “Бритиш Петролиум” компаниясының Мексика шығанағында апаты тоқтап, мұнай ақпай жатқанын атап өтті. Десе де ол мұнай төгілген аймаққа келген зиянды жою үшін өз әкімшілігі мен АҚШ агенттіктері жұмыс жасай беретінін айтты. Ресмилер

Мексика шығанағына мұнайдың төгілуі 15 шілдеде тоқтағанын айтты. Сәуірдің 20-нан бері осы жердегі ұңғымадан 5 миллион баррель мұнай суға ақты.
XS
SM
MD
LG