Алматыдағы «Зеленстрой» коммуналдық кәсіпорны жұмыскерлері өздерінің айлығын алғандарын хабарлады. Азаттыққа бұл туралы кәсіпорын қызметкері Ирина Рудометова хабарлады. Оның сөзінше, «Зеленстрой» басшылығы жұмыскерлерге мамыр айының жалақысын берген. Қалған екі айдікі тамыздың 20-нан кейін беріледі деген өзара келісімге келген.
Дүйсенбі күні «Зеленстрой» кәсіпорнының 50 жұмыскері үш айдан бері алмаған айлықтарын талап етіп, ереуіл ұйымдастырды. Ереуіл шамамен үш сағатқа созылды.
Дүйсенбі күні «Зеленстрой» кәсіпорнының 50 жұмыскері үш айдан бері алмаған айлықтарын талап етіп, ереуіл ұйымдастырды. Ереуіл шамамен үш сағатқа созылды.