Accessibility links

Дүниежүзілік банк Пәкістанға 900 млн. доллар ұсынды


Дүниежүзілік банк су тасқынынан орасан зор зардап шеккен Пәкістанға 900 миллион доллар қарызға беретінін айтты.

Вашингтонда орналасқан банктің мәлімдемесінде, Пәкістан үкіметі елге қаржылай қолдау ретінде 900 миллион доллар сұрап, банк оны беретін болды делінген.

Бұл хабарлама БҰҰ Пәкістандағы табиғат апатынан жапа шеккен 20 миллион халықты құтқаруға халықаралық донор елдерден 460 миллион доллар сұраған соң болып отыр.

Ал Пәкістанның Британиядағы жоғары комиссионері Вахид Шамсул Хасан Пәкістанды қлпына келтіру үшін 15 млрд доллар қажет дейді.
XS
SM
MD
LG