Accessibility links

Колумбияда құлаған ұшақтағы 130 жолаушының біреуі ғана қаза болды


Колумбияның ресми өкілдері 130 жолаушысы бар ұшақтың апатқа ұшырап, тек бір адамның опат болуы "ғаламат" жағдай болды деп отыр. Дүйсенбі күні Колумбияның аралына қонбақшы болған "Боинг-737" ұшағын найзағай ұрса керек.

Қону алаңына түскенде кемінде үшке бөлінген ұшақта болған егде жастағы жолаушының жүрегі ұстап қалған болуы мүмкін дейді ресми өкілдер. Апаттан 120 жолаушы жарақат алып, бесеуі ауыр жараланған.

Тергеушілер ұшақтың құлау себебін анықтап жатыр. Колумбия астанасы Боготодан шыққан ұшақта 16 шетелдік азамат болған.
XS
SM
MD
LG