Accessibility links

Камчаткада төрт балықшының денесі табылды


Камчаткада Охот теңізінің жағасында жоғалып кеткен төрт балықшының денесі табылды. Тағы үш балықшының тағдыры әлі белгісіз. Іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды аймақтың төтенше жағдайлар басқармасы.

Балықшылардың шағын қайығы Семожня өзені маңында аударылып, суға кеткен. Оқиға тамыздың 17-сі күні түнде дауыл кезінде болған. Қайықта барлығы сегіз балықшы болған, біреуі аман қалды.
XS
SM
MD
LG