Accessibility links

Әлемнің ең үздік елдірінің тізімінде Қазақстан 61 орында


Америкалық Newsweek қоғамдық-саяси басылымының жариялаған "әлемнің ең үздік мемлекеттерінің" тізімінде Қазақстан 61-ші орында тұр.

Басылым 100 мемлекетті бес өлшем бойынша: білім беру, денсаулық сақтау, өмір сүру деңгейі, экономикалық дамуы мен саяси ахуалына қарап салыстырған.

Қазақстан «саяси жағдайы» мен «денсаулық» санатында ең төменгі балл жинап отыр. Денсаулық сақтау жүйесі бойынша республика 100 елдің ішінде 82-ші орында, ал саяси ахуалға қатысты – 81-ші орында.

Дегенмен, «білім беру» саласында Қазақстан, 31-ші орындағы Ресейді артқа тастап 14-ші орынды иеленді. Елдегі өмір сүру деңгейіне баға берген басылым Қазақстанға – 45-ші орынды, және экономикасының дамуына да 45-ші орынды берген.

Newsweek рейтінгіндегі алғашқы үштік Финляндия, Швейцария және Швецияға бұйырып отыр.
XS
SM
MD
LG